«Қазақстан-Нидерланды» футбол матчы кезінде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Еуропа Чемпионаты-2016 іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланды құрамалары кездеседі. Осыған байланысты 10 қазан күні, сағат 19.00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жолы - Орынбор көшесі.