Фейк: «Екі айлық бала COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болды»
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы егілген екі айлық бала жүрек ұстамасынан қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Бұл жағдай вакцинаға жағымсыз реакцияларды бақылаудың бірыңғай жүйесінде 1015467 нөмірімен тіркелген делінген. Бұл ақпарат — жалған, деп хабарлайды stopfake.kz.