Билер сөздері
Ру бастықтарының (үстем таптың) қол астында болып, сол таптың ықпалында ру-руға жіктеліп, кең өріске таласып, көршілес елдермен, көршілес рулармен жауласқан арғы шикі ескілерден, надан замандардан, өзгелерден тәжірибесі артық, өзгеліктегі әрі тілге ұстарған ру басылар, шешен атанып, биі атанып, жазу, оқу білмейтін елдің тіршілітің санасын да билейтін болған. Ондай адамдар, жазылған заңы жоқ, хат білмейтін елдің ру бастықтардың санасымен құрылған ауызша айтылатын заңы, ережелерін жинап сақтаушысы тәрізді болып, заңның төрелігін іздеп, заңға жүгінбек болған жұрт солардың алдына билікке келетін болған. Сөйтіп, ондай адамдар жұртқа билік айтатын болып, нағыз мықты ру басы болып, үстемдік жүргізетін болған. Бөтен рулармен жауласып, ру болып жауға аттанған заманда батырлар үстемдігі күшейсе, жайшылықта бөтен рулармен білек күшімен теңеспей, тіл күшімен теңескенде, әлгідей заң ережелерін жұртқа жүйелі қылып жақсылап айта білетін шешен билердің үстемдігі күшейетін болған.
Ру бастықтарының (үстем таптың) қол астында болып, сол таптың ықпалында ру-руға жіктеліп, кең өріске таласып, көршілес елдермен, көршілес рулармен жауласқан арғы шикі ескілерден, надан замандардан, өзгелерден тәжірибесі артық, өзгеліктегі әрі тілге ұстарған ру басылар, шешен атанып, биі атанып, жазу, оқу білмейтін елдің тіршілітің санасын да билейтін болған. Ондай адамдар, жазылған заңы жоқ, хат білмейтін елдің ру бастықтардың санасымен құрылған ауызша айтылатын заңы, ережелерін жинап сақтаушысы тәрізді болып, заңның төрелігін іздеп, заңға жүгінбек болған жұрт солардың алдына билікке келетін болған. Сөйтіп, ондай адамдар жұртқа билік айтатын болып, нағыз мықты ру басы болып, үстемдік жүргізетін болған. Бөтен рулармен жауласып, ру болып жауға...