Қазақ әдебиеті туралы хат
Біраздан бері қазақ әдебиетін, әсіресе, қазақтың халық әдебиетін жинаушылар көбейе бастады. Қазақ елі жаңа тұрмыс дәуіріне аяқ басып, мектеп, медреселері көбейіп, тәртіпке қойыла бастағаннан бері, қазақтың мәдениет, әдебиет тарихын зерттеп, бір тәртіпке қою мақсаты — Қазақстанның халық ағарту орындарының алдында шешуді керек қылған түйіндердің бірі болып келеді. Әр зат жаңадан жасалғанда төрт аяғынан нық баса, мүлтіксіз жасалмайтыны белгілі. Қазақ елінің тарихында әдебиет тарихында бірен-саран жазуға өздерінше талап қылғандар да болды. Бірақ еңбекші таптың совет мектебіне лайық тарих кітабы, әдебиет тарихы әлі де жазылып шыға алмай келеді. Былтырдан бері Алматы қаласында Қазақстанның Мемлекет университеті ашылып, білім дүкенін құрып отыр. Университет дегеніміз...