Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 10 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Елдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел тұрады. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.