Елордада экскаватор жүргізушісі шөмішпен жүк көліктерін қиратты - фейк
![Елордада экскаватор жүргізушісі шөмішпен жүк көліктерін қиратты - фейк](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/08/10/220810204835751e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Instagram-да жақын жерде тұрған жүк көліктерін шөмішпен қиратып жатқан экскаваторшының видеосы тарады. Видео астында кадрлар Нұр-Сұлтанда түсірілген, ал экскаватор жүргізушісі қарағандылық деп жазылған. Жұмыс беруші үш ай бойы жалақы төлемегендіктен ол көліктерді қирата бастаған. Бұл өтірік, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.