Біржанның соңғы жұлдызы
Шаңқай түс. Шырқау. биікке шапши көтерілген асқақ ән көк төсін тесіп өтердей шарықтап барады. Күміс тамшыдан шашу шашқан саумал көл жағалауын лықси соға тыңдайды әнді. Алтын күннің сәулесіне шомылып, салқын самалына кеудесін тосқан кең жазық рақаттана сіміреді сол әнді. Жазықты етектей қатар түзей қалған биік қарағайлар сұлу әуезге тамсана ұйып, қыбырсыз мүлгиді. Зеңгір көкке тәкаппарлана иық өсірген тау Көкше маңайындағы жасыл үкілі "тақия" киген төбелерге сестене қарап, шырқау әнді қақпақылдап тұр.
КИНОПОВЕСТЬ
* * *

Осы әсем әнді төмендетпей, бірінен соң бірі іліп әкетіп, екпіндете көтермелегендей титр сөздері төменнен жоғары лып-лып өтіп жатыр. Ең соңында фильм аты — "Біржанның соңғы...