Қарағанды облысында 350 гектарға жуық дала өртеніп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.