Отбасы және "жауынгер" (әзіл)
— Кеше күйеу баланың туған күніне бардық, — деді таныс келіншек әңгіме үстінде, — өңкей қайын апалар жиналыппыз. Жақсылап сыйлық апардық. "Күйеу — дұшпан" — деген бар ғой. Сіңліміздің миын мүжіп жүрер әйтпесе.
— Не дедің?
— Күйеу — дұшпан, — деймін.
— Сонда сендер күйеу балаларыңды дұшпан санайды екенсіңдер ғой. Онда сіңлің "дұшпанға" қарсы "ұрыс жүргізуші" "жауынгер-қыз" шығар.
Келіншек сылқылдай күлді. Бұл әзіл-шыны аралас әңгіме осы қысқа диалогтан кейін туындап кетіп еді.
Әлдебір қарулы күштер бөлімінде немесе құқық қорғау органдарының құрамында арнайы дайындықтан өткен сарбаздар қызмет етеді деседі. Оларды былайғы жұрт "спецназ" деп әспеттеп жатады. Мен қыздарды осы "спецназға"...