Астанадағы көмір 14 сату нүктесінде сатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 компания-реализаторлар өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.