Жас фототілші еңбексүйгіш әрі байқампаз болуы керек – ардагер-фототілшімен әңгіме
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат. 1 қазан – Қарттар күні. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің статистикасы бойынша елімізде бүгінде жасы алпыстан асқан 3 миллионға жуық адам бар. Олардың ішінде өз ісінің шебері, жастарға үлгі боларлық қарияларымыз да бар. Солардың бірі - республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің ардагер-фототілшісі Айтжан Мұрзанов. Мереке қарсаңында зейнеткер ҚазАқпарат тілшісіне фотожурналистика жайлы өз ойымен бөлісті.