Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Облыс әкімі тараздықтардың талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының №5-ші аумақтық округінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады. Айта кетейік, бұған дейін облыс бойынша түрлі деңгейдегі әкімдердің 980-нен астам халықпен кездесулері өтсе, оның 29-ы облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған. №36 орта мектебінің АКТ залында өткен басқосуға облыстық құқық […]

Сообщение Облыс әкімі тараздықтардың талап-тілегін тыңдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының №5-ші аумақтық округінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін облыс бойынша түрлі деңгейдегі әкімдердің 980-нен астам халықпен кездесулері өтсе, оның 29-ы облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

№36 орта мектебінің АКТ залында өткен басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Жиында алдымен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

— Қазіргі уақытта қала көшелерін жөндеу және жарықтандыру бойынша 2023-2027 жылдарға арналған 5 жылдық жоспар әзірленуде. Бірінші кезекте мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары орналасқан және қоғамдық көліктер көп қатынайтын көшелер жөнделіп, жарық жүргізілетін болады.

5-ші аумақтық округ бойынша халықпен кездесулерде көтеріліп келе жатқан Сергей Лазо көшесіне, осы көшенің 1-ші, 2-ші бұрылыстарына ағымдағы жылы көше жарығын жүргізуге электр тасымалдайтын мекеме тарапынан техникалық шарт алынып, сметалық құжаттама жасалды. Жарықтандыру жұмыстары 2023 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Ақбұлақ», «Қаратау», «Қарасу», «Аса», «Жансая» шағын аудандарында және «Қарасу» иінінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласына түнгі жарық шамдарын орналастыру жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда.

Аумақтық округтегі шағын аудандардағы 15 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтуде. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін толығымен аяқталмақ,-дей келе шаһар басшысы өзге де бағыттардағы атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып өтті.

Бұдан соң қала тұрғындары жолдаған сауалдарға облыс әкімі жан-жақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Жергілікті халық негізінен аулалалардың абаттандырылуы, қоқыстардың жиналуы, қаңғыбас иттер, интернет байланысы, тұрғын үйлерді жаңғырту, бала тәрбиесіне қатысты және тағы басқа мәселелерді көтерді.

— Облыс орталығында қордаланған мәселелердің бар екені рас. Қазіргі таңда жергілік билік сол мәселелерді рет-ретімен шешу үшін кешенді жоспар бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы тұрғыда қоғам мен биліктің ортақ түсінігі, бір-біріне деген сенімі, екі жақты жауапкершілікті сезінуі аса маңызды. Бұқара мен билік бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижеге жеткізуге болады. Заң мен талап сақталуы керек,-деп түйіндеді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Сообщение Облыс әкімі тараздықтардың талап-тілегін тыңдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

POMPEYA и O! МАРГО выступят на фестивале «НЕБО»

Катя IOWA приехала на «Авторадио» с кроватью и показала «Кусь»

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» легально изготавливает армии и спецслужбы. 6 серия. СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.

Международный День защиты детей вместе с LES Art Resort и КидБург

Музыкальные новости

Новости фармацевтики в России и в мире

Уссурийский ЛРЗ расширяет форматы промышленных экскурсий на предприятие

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» спасает население от борьбы с перенаселением, 3 серия, СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.

Заявление Союза армян России

Новости России

Протоиерей из Москвы рассказал о чуде на СВО и перепутал китайца с якутом

Ефимов: Продолжается строительство «Квантум-парка» в новом кампусе МГТУ имени Н. Э. Баумана

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете

Онколог Марина Шорина: «Раковая опухоль потребляет колоссальное количество энергии из запасов человека»

Экология в России и мире

С чем носить брюки палаццо: примеры образов

Eleganzza весна-лето 2024

На европейских курортах жители начали обносить улицы цепями, запрещая туристам туда заходить: романтический отдых закончился

Доктор Кутушов назвал болезни, которые поджидают отдыхающих у водоёмов

Спорт в России и мире

Елене Рыбакиной поставили неожиданный «диагноз»

Надаль пропустит Уимблдон из-за желания сыграть на Олимпиаде

Кецманович отказался от борьбы в игре с Медведевым на "Ролан Гаррос"

Теннисистка Петрова: Карацеву не хватает игровой уверенности

Moscow.media

В Арамиле возбудили уголовное дело из-за "дома-монстра", в котором продолжают жить люди

Экс-редактор Comnews присоединился к команде iTrend

Крупная авария в деревне Образцово Орловского МО. Движение затруднено

В Челябинской области трансгендеру вынесен приговор за поджог военкомата







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *