Журналистика саласы
Журналистика-ең мықты адамдардың таңдайтын,қиындығы мен қызығы қатар мамандық.
Бұл мамандық қай кезде болмасын өз атағын жоғалтқан емес.Сонау кезеңнен бері,осы уақытқа дейін дамып келеді,әлі де дамиды деп сенеміз.
Себебі,қазіргі таңда көпшілік жастар баяғыдағыдай емес,журналистикаға қызығып келе жатыр.
Мен неліктен журналистика саласын таңдаймын деп шештім?
Журналист болу менің бала күнгі арманым болатын.Кішкентай кезімде айнаның алдында тұрып,елестетіп,өзімді жаңалық айтып тұрғандай сөйлеп рөлге кіретін едім.Сол кезден бері бір ғана журналист болудағы мақсатым деуге болады,ол-жаңалықтарды халыққа,көрерменге дәл,нық,шынайы жеткізу болатын.
Дәл қазіргі уақытта,өзіміздің кішкентай ғана Қазақстанда қаншама өзекті мәселелер бар.Байқап қарасақ,сол мәселелер туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер ұштасып жатады.Қайсы ақиқат,қайсы жалған екенін же білмейсін.Сондай сәтте,халықтың алдануынын...