Грекияда қатаң үнемдеу шараларын енгізу туралы заң қабылданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия парламенті сенбіге қараған түні қатаң үнемдеу шаралары үшін дауыс берді. Оны қабылдау 86 миллиард еуро көлеміндегі көмектің үшінші бағдарламасы бойынша қарыз берушілермен жасасқан келісімде қарастырылған, деп хабарлады РИА Новости.