Хатико: Ең адал дос
Хатико ең адал дос екенін айқын көрсету
«Хатико: Ең адал дос» (ағылш. Hachiko: A Dog's Story) — тоғыз жыл бойы қайтыс болған қожайынын күнделікті бір уақытта келіп, станция маңында күтіп жүрген жапондық акита-ину тұқымының иті Хатиконың нақты өміріне негіздеп түсірілген Лассе Халлстрөм көркем фильмі. Бұл фильм 1987 жылы түсірілген жапон фильмінің ремейкі болып саналады. Фильмнің сценарийін жазған Стивен Уэйн Линдси. Басты рольдерде: Ричард Гир, Джоан Аллен және Сара Ремер. Фильмнің тұсаукесері 2009 жылдың сегізінші тамызында Жапонияда өтті.
Суретте әлемге әйгілі ит Хатико. Адамдардың адал досына айналған бұл ит 1923 жылдың қараша айында дүниеге келген. Туылғаннан кейін оны Токио университетінің профессорына сыйға берген. Ал енді мына әңгімеге назар...