ДСҰ: Қазақстан ескі көліктер «қоймасына» айналмауы керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы хаттаманы рәсімдеудің ресми шараларын толық аяқтады: құжатты ел Парламенті қабылдап, Мемлекет басшысы қол қойды. Ендігі мәселе, әлемнің алпауыт сауда ұйымына қосылуға қатысты ішкі нарықты реттеу. Бұнда ең алдымен мемлекет мүддесіне жауап беретін қорғау шараларын күшейту қажет болары анық. Осыған орай, атқарушы билік соңғы уақытта отандық өндірісті Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы бәсекелестер жұтып жібермес үшін алдын-ала қамдану шараларына көшіріп жатыр деуге келеді. Соның ішінде Үкімет көлік құрастыратын кәсіпорындарды да назардан тыс қалдырған емес.