Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2023 жылмен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2023 жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2023 жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Міне, біз қазір бір ел болып, Жаңа жылды қарсы аламыз. Оны бәріміз ізгі ниетпен күтіп отырмыз. Осы сәтте мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілек айтамыз. Болашаққа сеніммен қарап, жоспар құрамыз. Миллиондаған азаматтарымыз сияқты мен жаңа жыл жарылқасын деп келешекке үмітпен қараймын.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі болды. Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді сақтап қалдық. Төл тарихымызға қарасақ, жұртымыз көптеген сындардан шыңдалып шыққан. Біз де қиындықтарды артқа тастап, алға қарай нық қадам бастық.

Жалпы, осы жыл Қазақстан үшін түбегейлі бетбұрыс жылына айналды. Біз мемлекеттігімізді нығайтып, жаңару және жаңғыру жолына түстік. Жалпыхалықтық референдум өткізіп, шын мәнінде жаңа Конституциямызды қабылдадық. Онда нағыз әділдік рухы көрініс тапты. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Парламент жүйесінің реформасын бастадық.

Халқымыз ауқымды өзгерістерге қолдау білдірді. Сайлау жүйесіне жаңа ережелер енгізілді. Президент сайлауы ашық және әділ өтті. Мұның бәрі еліміздің саяси жүйесін жан-жақты жаңғырта түсті. Әкімшілік-аумақтық реформа жасадық. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Ең өзекті мәселелерді ауқымды диалог арқылы шешетін болдық. "Республика күніне" ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Биыл еліміз үшін несібелі жыл болды. 400 мыңға жуық сәби дүниеге келіп, көптеген отбасының шаңырағы бақытқа толды. Біз балалар жылында "Ұлттық қор - балаларға" бастамасын көтердік. Бұл - өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам. Диқандарымыз 23 миллион тонна астық жинады. Бос жатқан 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бірнеше ірі өндіріс іске қосылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды.

Қазақстан халқына" қоры құрылды, соның арқасында көптеген азаматқа нақты көмек көрсетіліп жатыр. Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда көк туымызды желбіретті. Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның халықаралық беделін арттырдық, бірқатар алпауыт елдердің сенімді серіктесі атандық. Осылайша, Барыс жылы ауқымды өзгерістер мен жаңа дәуірдің бастауы болды.

Өтіп бара жатқан 2022 жыл тарихта еңсеру жылы ретінде қалады. Еліміз алапат сынаққа төтеп берді. Қиындықпен бетпе-бет келген қазақстандықтар жарқын болашақ үшін біріге білді. Біз шыңдала түстік.

Түбегейлі реформаларды жалғастыруымызға ешбір сын-қатер кедергі бола алмады. Әділетті Қазақстанды құру үшін берік негіз қаланды. Саяси өзгерістер дәйекті түрде жүзеге асырылып жатыр. Конституциялық референдум мен Президент сайлауы негізгі билік институттарын жаңғыртуға жол ашты.

Келесі жылы Сенат, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Тұрғындар аудан әкімдерін де тікелей сайлайды. Бұл қадам елімізде жаңа демократиялық дәстүрді қалыптастыруға, саяси мәдениетті арттыруға жол ашатынына сенімдімін.

Жаңа жылда сапалы жолдар, қолжетімді тұрғын-үйлер, заманауи мектептер мен ауруханалар саламыз. Билік кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Инфляцияны ауыздықтап, халықтың нақты табысын арттыру және өндірісті жолға қою Үкіметтің басты міндеті болып қала береді.

Мен Президент лауазымына қайта сайланғаннан кейін, ең алдымен, ауылды көркейтуге, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді жұмыстарды бастау туралы Жарлыққа қол қойдым.

Адам құқығын қорғау саласында едәуір табысқа жеттік. Экономикамызды монополиядан арылтып, оның құрылымын қайта құру үдерісін бастадық. Біз мұнымен шектелмейміз.

Біз өзі ісіне адал, Отанымыздың нағыз патриоттары мен кәсіби мамандарға жан-жақты қолдау көрсетеміз.

Кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшылар және шаруалар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, әскерилер мен құқық қорғау жүйесінің қызметкерлері, инженерлер мен құрылысшылар, кәсіпкерлер мен спортшылар, меценаттар мен волонтерлер, журналистер мен медиа саласының мамандары, сондай-ақ мұғалімдер, тәрбиешілер, дәрігерлер, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері - халқымыздың ерен ерлері.

Біз келе жатқан Жаңа жылдан зор үміт күтеміз. Баршаңызға мәлім, әлемдегі ахуал аса күрделі. Соған қарамастан, келесі жыл еліміз үшін жемісті жыл болады деп сенеміз. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, көптеген жоспарымызды жүзеге асыруымыз керек.

Негізгі мақсат - мемлекетімізді нығайту және халқымыздың әл-ауқатын арттыру. Мен Президент ретінде осы мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімді саламын.

Алдағы жылы ұлттың рухын көтеретін маңызды іс-шаралар өтеді. Біз бір ел болып, бір халық болып, бірлесе еңбек етіп, Жаңа жылда жаңа табысқа жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін.

Биылғы қиындықтарға қарамастан, біз келешекке үлкен үмітпен қараймыз. Алдағы 2023 жыл тың мүмкіндіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыратын жыл болады деп сенемін. Алдағы жолымыз оңай болмайды. Алайда күдік пен күмәннен арылып, көздеген мақсатқа жету үшін батыл қадам жасау керек. Сонда ғана мұратымызға жетеміз.

Жақсылық бар жерде тапшылық болмайды" дейді халқымыз. Жаңа жылда баршамыз жақсылыққа ұмтылайық. Бір-бірімізге жанашыр, қамқор болайық. Ең бастысы, табанды еңбек етіп, елімізді бірге дамытайық.

Жаңа жыл халқымыз үшін берекелі жыл болсын! Әр шаңырақ шаттыққа, қуанышқа толсын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!" - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Серия голосований «Вот это Москва!» собрала уже более 700 тыс мнений горожан

Анастасию Заворотнюк могут похоронить в Новой Москве

Донецк: специалисты ФКЦ МГППУ – участники мероприятия по поддержке населения в период боевых действий

Shot: актриса Анастасия Заворотнюк заранее переписала имущество на детей и маму

Музыкальные новости

Почта России помогла детям-подопечным благотворительных фондов встретиться с футболистами ЦСКА

Маленьким пациентам центра трансплантологии рассказали о тех, кто спасает их жизни каждый день

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» спасает население от борьбы с перенаселением, 5 серия, СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.

Ctrl2GO Solutions и РусГидро подписали соглашение о сотрудничестве

Новости России

Подмосковье приняло участие в научном медицинском форуме в Гомеле

Серия голосований «Вот это Москва!» собрала уже более 700 тыс мнений горожан

Shot: актриса Анастасия Заворотнюк заранее переписала имущество на детей и маму

Онлайн-лекторий «Иннагрика»: подкасты с учеными и экспертами об агротехе доступным языком

Экология в России и мире

С чем носить брюки палаццо: примеры образов

Стильные образы на лето, в которых вы покорите окружающих

В исторических парках покажут любимые мультфильмы от СТС Kids ко Дню защиты детей

Эксперт по семейному капиталу Светлана Петрова: как быстро накопить на авто

Спорт в России и мире

Рыбакина, Путинцева и Бублик стартуют на Ролан Гаррос. Кто в соперниках и чего ждать?

Последний танец Надаля и юбка Сюзанн Ленглен: 6 важных фактов о «Ролан Гаррос»-2024

Матч Котова и Вавринки перенесли на корт Сюзанн Ленглен

Надаль пропустит Уимблдон из-за желания сыграть на Олимпиаде

Moscow.media

ТСД промышленного класса Saotron RT-T60

Эксперт по семейному капиталу Светлана Петрова: как быстро накопить на авто

Весенний Петербург. Петропавловская крепость

Доступный, летний, твой – StarLine A60 BT GSM ECO







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *