Қызылордада жас ғалымдар байқауы өтті (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай №264 мектеп-лицейінде жас ғалымдар арасында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты ғылыми жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.