Петропавлда С.Мұқановтың «Құрттың дәмі» кітабы жарық көрді (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Солтүстік Қазақстан» басылымында солтүстікқазақстандық журналист Серік Мұқановтың «Құрттың дәмі» кітабы жарыққа шықты. Оған автордың түрлі жылдардағы шынайы өмірден алынған әңгімелері, эсселері мен очерктері енді.