«Бәйтерек» монументі БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған акцияға қатысты (ФОТО/ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының жетпіс жылдығына орай өткізілген «Әлемді БҰҰ-ның көгілдір түсіне боя» атты жаһандық акция аясында Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы науқанға қосылды. Бұл тұрғыда елорданың символы ұйым мерекесіне орай БҰҰ-ның туы түстес көгілдір жарықтармен түрленді.