Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы
![Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бейсенбі күнге ауа райы болжамы](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/01/04/230103203607168e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК болжамынша, 16 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады. Онымен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ ел бойынша тұман мен көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.