Жахангер жаһанды бағындырғысы келеді: 10 жасар бала мәнерлеп сырғанаудан талай жарыста топ жарып жүр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Күні кеше Алматыда өткен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогінде өскемендік Жахангер Әбілқасымов жеңіс тұғырынан көрінді. 10 жасар балақайдың бұған дейін де жеткен жетістіктері аз емес. Болашағынан зор үміт күттіретін жас өрен Денис Тен секілді Олимпиадада ел абыройын асқақтатқысы келеді. ҚазАқпарат тілшісі Жахангердің өзімен де, анасымен де тілдесіп көрген еді.