Қазақстан мен Ресейдің жазушылар зиялы қауымы өзара пікір алмасып, ынтымақтастық көкжиектерін талқылады - М.Тәжин (ФОТО)
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - «Біз мәдени кодымызды, тілімізді, руханиятты, дәстүрлерді сақтай білген жағдайда ғана уақыт қатерлеріне барабар жауап қайтара алатынымызды ұмытпауға тиіспіз. Егер ұлт мәдени кодын жоғалтатын болса, ұлттың өзі де жоғалады». Қазақстан Республикикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин «Қазақстан - Ресей» жаңа әдеби алманағының алғашқы шығарылымының таныстырылымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың осы сөздерін келтірді.