Шымкентте халықаралық талапқа сай алғашқы «Street Workout» спорттық алаңшасы ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Қошқар ата өзенінің бастауында алғашқы «Street Workout» спорттық алаңшасы ашылды. Шараға арнайы қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құттықтау лебізін жеткізді.