Қазақстан Елшісі Италия Президентіне сенім грамотасын тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қазанда Римде «Квиринале» президент сарайында Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшісі Сергей Нұртаев Италия Республикасының Президенті Серджио Маттареллаға сенім грамотасын табыстады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.