Сара Ыдырысқызы Көшербаева- Қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы
Мақала- қазақтың алғаш кәсіби балеринасы туралы. ГАТОБ театрында өткен өндірістік тәжірибе бойынша жақылған мақала.
Сара Ыдырысқызы Көшербаева (06.02.1933-24.01.1999-Алматы қаласы) – қазақ балет өнерінің шебері, балетмейстер, оқытушы, профессор. Қазақ КСР әртісі (1966). Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. Қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы. Сара Көшербаева бидегі қысқа ғұмырында таңғажайып жетістіктерге жетіп, кейіннен Алматы хореографиялық училищесін жаңа деңгейге шығарды.
Сара Көшербаева 1933 жылы 6 ақпанда Алматы қаласында жоғары білімді Ыдырыс пен Ұлжан Көшербаевтардың отбасында дүниеге келген. Өнерге деген сүйіспеншілік барлық отбасында болды. Кішкентай Сара балетпен алғаш рет алты жасында , үлкен әпкесі Гүлзада театрға апарған кезде танысты. 1946 жылы Көшербаева Қазақ хореографиялық учлищесіне қабылданды. Оның алғашқы ұстазы, кейінірек ұзақ жылдар бойы досы және тәлімгері Александр Владимирович...