Миокард инфарктінен 40 жасқа толмаған жігіттер қайтыс болып жатыр - кардиолог
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Миокард инфарктімен 50 жасқа дейінгі ер адамдар әйелдерге қарағанда бес есе, 60 жастан асқаннан кейін екі есе көп ауырады. Мамандар бұл қатерлі дерттің «жасарып» бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Сырқаттардың орташа жасы – 40-60 аралығында. Солтүстік Қазақстан облысы көп бейінді аурухана Кардиологиялық орталығының бөлім меңгерушісі Тамара Захарова ҚазАқпарат тілшісіне миокард инфаркті жайында, оның белгілері мен дерттің алдын алу жайында айтып берді.