Қарағанды облысында жайлы мектепті қай құрылыс компаниялары салады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында бірінші кезеңде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 10 нысан салу жоспарланған. Алғашқы конкурс нәтижесі белгілі болды. Жеті мектеп бойынша құрылыс компаниялары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.