Алматыда жаңадан салынып жатқан метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру керек - Б. Смағұл
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Абай даңғылының бойында Б. Момышұлы көшесімен қиылысар тұста жаңадан салынып жатқан метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру керек. Бұл туралы кеше Алматыда Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында Кеңес Одағының Батыры, қаhарман қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, ақын Бақытбек Смағұл мәлімдеді.