Энергетикалық және газдалған сусындар қандай ауруларды қоздыруы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір дүкендердегі тоңазытқыштар энергетикалық және түрлі тәтті әрі газдалған сусындарға толы. Әдемі қаптамалардың арқасында бұл сусындар балалар арасында ерекше танымал болды. Бір-екі жасқа енді ғана келген бала да осы газдалған тәтті сусынның дәмін жақсы біліп алған. Бірте-бірте газдалған және энергетикалық сусындарға тәуелділік пайда болады, олардан бас тарту қазірдің өзінде өте қиын. Әсіресе, осы күндері еліміздің аумағындағы аптап ыстықта адамдар кәдімгі судың орнына, тәтті сергітетін сусынды көптеп алып жатыр. Осы орайда, аталған энергетикалық сусындар адам ағзасы мен ДНҚ-сына қалай әсер ететіні жайында маманнан сұрап білдік.