Алматыда «Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру ісі бойынша тергеу басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының прокуратурасы «Сауна ғимаратында балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы) және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (ҚР ҚК 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.