Алматыда ақылы тұрақтар бойынша жаңа ақпаратттық тақташайлар орнатылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірыңғай оператор – «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Коммуналдық кәсіпорынның бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А – parking» компаниясы өз қызметін жалғастырып, төлемдерді қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.