Аралда «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы Арал ауданында Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш ашылды. Шараға Ә.Нұрпейісов отбасымен бірге қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.