Тотықұс
Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Адамдарға еліктеп сөйлей алады.