Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі және көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды, көбіне қар жауып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың батыс және оңтүстік бөлігінде ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.