Түркістан облысындағы 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы 178 ауылдық елді мекенде интернет жоқ. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес отырысында цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.