Мароккода қаза тапқандар саны 1,3 мыңнан асты: Елде қаралы күн жарияланды
МАРРАКЕШ. ҚазАқпарат – Өткен түні Мароккода болған жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны жергілікті сағат 19.00-дегі (GMT+1) жағдай бойынша, 1305 адамға жетті. Тағы 1832 адам зардап шекті, олардың 1220-сы аса ауыр халде. ҚазАқпарат бұл туралы EFE-ге сілтеме жасап хабарлайды.