Дүмпілдек
Дүмпілдек - балалардың ойыны, 7-8 жасынан тартып 20 жасқа келгенше ойнайды. Еркек балалармен қыздар араласып ойнай береді. Көбінше түн ішінде ай жарықта ойналады. Жылдың төрт мезгілінің қайсы кезінде болса да ойнала береді. Артықша жазды күні болады. Күн жылы болса, қораның шетінде балалар жиылады да, -а- деп дүмпілдек ойнағанға кіріседі.