Поэзия және аударма
Поэзия аударма
Поэзия және аударма
Поэзия - өлең жолдарынан қосылып, мағына мен әсер қалдыру арқылы ерекшеленеді. Поэзия интонациясы музыкалық реңкке ие. Поэзия ырғағы синтаксиске бағынбайтын, бірақ метрдің көмегімен синтаксистік құрылымдарға әсер ететін ритммен анықталады, бұл тұста поэтикалық мәтіннің ерекшеліктеріне сөз қозғалғалы отырмыз.
Поэтикалық мәтінді құрастыру ерекшеліктеріне байланысты мағынаны қалыптастыруда механизм толығымен өзгереді. Мәтіннің әр элементі бір-бірімен өзара әрекеттесіп, қосымша мән көрсетеді. Поэтикалық контекст әр сөздің полисемиясын арттырады, нәтижесінде сөз қосымша семантикалық реңктерге ие болады. Сондықтан, поэтикалық аударма мәселесін қарастырмас бұрын, поэтикалық мәтіннің ерекшеліктерін бөліп көрсетейік.
Г. Белинский айтуынша, өнердің кез-келген түрі өз қызметіндегі материалдармен шектеледі. Поэзия - еркін, дыбыстық, картиналық, нақты...