Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыдағы шахтада тағы ірі апат. Астана "Арселор" активтерін өзіне қайтармақшы ма?

Қарағандыдағы шахтада тағы ірі апат. Астана

Қарағанды облысы Костенко көмір шахтасындағы өрт 20-дан астам адамның өмірін қиды. 17 кенші ауруханаға жатқызылды. Жер астында әлі ондаған адам қалған. Кезекті ірі апаттан кейін Қазақстан билігі 90-жылдардағы жекешелендіру кезінде Қарағанды бассейніндегі шахталар мен ірі металлургия комбинатына ие болған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен әріптестікті үзетінін мәлімдеді.

Қазақстанда сенбі таңы қайғылы хабардан басталды. Костенко шахтасында өрт болған. Адамдар қаза болды.

Әуелі Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев 11 адам опат болғанын хабарлады. Бұдан соң қаза болғандар 16-ға жеткені белгілі болды. 28 қазан түскі сағат 12-дегі жағдай бойынша апат құрбандары 21 адамға жетті.

Облыс әкімінің Facebook-тегі жазбасына қарағанда, апат болған кезде шахтада 252 адам болған. Сыртқа 205 кенші шығарылған. Ондаған адам жер астынан шыға алмай қалған.

Шахтадан ауруханаға 18 адам жеткізілді. Дәрігерлер біреуін қарағаннан кейін үйіне амбулаторлық емдеуге жіберген.

—Газдан уланған 15 адам токсикология бөлімінде жатыр. Түрлі жарақат алған бір науқас реанимацияда. Біреуі травмотология бөлімінде. Бір науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді, – деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бибігүл Төлегенова.

Бас прокуратура "Тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы (277-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Қарағандыға апаттың салдарын жою жөніндегі штабқа жетекшілік еткен төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов барған.

Қайғылы оқиға "АрселорМиттал Теміртаудың" өзге шахтасы – "Қазақстандағы" ірі апаттан кейін 2,5 айдан соң болып отыр. Тамыз айында онда 5 жұмысшы опат болған. Былтыр ұарашада Ленин шахтасындағы апат бес адамның өмірін қиған. Ал оның алдында жарты жыл бұрын Теміртаудағы металлургия комбинатында конструкция опырылып түсіп, 4 адамды мерт қылған.

Былтырғы апаттарды билік "жазатайым оқиғалар" деп атаған. Ал ардагер-кеншілер мен Қарағандыдағы белсенділер оқиғаларды бұлайша атауға қарсы болған. Олардың пікірінше, компания кеніштерден барынша пайда көруге тырысып, жұмысшыларға жағдай жасамайды, шахталардағы қауіпсіздікке ақша бөлмейді.

Биыл биліктің мәлімдемелерінің сарыны өзгерді. Жоғары лауазымды тұлғалар тамызда күн тәртібінде кәсіпорынның "иесін ауыстыру мәселесі тұрғанын" айтқан. Биліктің айтуынша, компания өндірісті жаңарту және инвестиция тарту мәселесі бойынша алған міндеттемелерін орындамаған. Дегенмен компания әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. 19 қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев журналистерге мәселе кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде болып отырған жоқ, себебі мұндай сценарий "елдің инвестициялық климатына ірі соққы болады" деп айтқан.

Алайда 28 қазанда Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған. Бұл нені білдіреді? Мән-жайы әзірге белгісіз.

Қазақстан үкіметі кәсіпорынды "Қазақстанның мүддесіне қарай" қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, "активтерді өзге шетел инвесторына беру мәселесі қарастырылып жатыр" деген хабарды терістеді.

Арғы тегі үнді британдық миллиардер Лакшми Митталға қарайтын "АрселорМиттал Теміртау" үкіметтің мәлімдемелеріне реакция білдірмеді. Компания Азаттықтың сауалдарын да жауапсыз қалдырды.

Аталған компания 90-жылдардағы жекешелендіру кезінде ірі активтер - Қарағанды көмір бассейніндегі сегіз шахта, совет кезінде салынған металлургия комбинаты мен тау-кен байыту фабрикасы және Теміртаудағы инфрақұрылым нысандарына қол жеткізген.

Ресми мәлімет бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында кейінгі 15 жылда 100-ден астам адам опат болған.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

ФракДжет-Волга стала победителем в номинации Лучший работодатель среди буровых компаний до 10 бригад

В АТОР назвали 4 европейские страны, которые активно выдают шенген россиянам

В центре Москвы на женщину обрушилась облицовка балкона

Пулково обслужил около 500 тысяч пассажиров во время ПМЭФ

Музыкальные новости

Валерия Олюнина: Особенности армянофобии в России и Александр Артамонов. Армения и Ватикан

США и Европа "подготавливают" Россию и Ближний Восток для переселений?!

В Туле завершился V этап культурно-просветительского проекта «Классика: история и современность»

В Санкт-Петербурге прошел Кубок ПМЭФ по конкуру

Новости России

Колонну из 15-ти азербайджанских машин с вооруженными людьми задержали возле Кремля. В дело опять вмешалась диаспора

Доля юаня в валютных торгах на Мосбирже в мае снова ...

Боррель: некоторые страны ЕС считают, что Россия им не угрожает

Штормовое расположение: когда в Москве закончатся ливни и грозы

Экология в России и мире

Парадоксы двойного стандарта

Уход за кожей летом: мнение эксперта

Комплект зубных щеток для детей Revyline S4800 "Чебурашка" появился в филиале бренда в Уфе

Об отношении к русским в Азербайджане

Спорт в России и мире

Итальянский теннисист Янник Синнер впервые возглавил рейтинг ATP

Ига Свентек в четвертый раз выиграла Открытый чемпионат Франции по теннису

Тарпищев о Медведеве и Рублеве: без травм сыграют в Париже лучше, чем в Токио

«Мирра Андреева обладает удивительной выживаемостью» // Олимпийская чемпионка по теннису Елена Веснина об итогах женского Roland Garros

Moscow.media

Мы рады сообщить, что было принято решение о добавлении дополнительного приза за серию самых лучших фотографий

В Шебекино подорвались на мине трое бойцов самообороны и оператор “России-24”

На петербургском стадионе за 60 млрд рублей произошел крупный пожар

Моя кошка Валлетта







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *