Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Түркия - тамырлас туысымыз". Тоқаев Ердоғанмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Түркия Президентінің Қазақстанға сапарының мәні зор екенін атап өтіп, бүгінгі кездесу екі елдің көпжақты қарым-қатынасын нығайтуға және Түркі әлемін дамытуға тың серпін беретініне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында көтерген маңызды бастамалары мен салмақты ой-пікірлері үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.

"Қадірлі бауырым, Атажұртқа қош келдіңіз! Түркия – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Сондай-ақ Қазақстанның ең жақын әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Сіз өзара қарым-қатынасты дамытуға орасан зор үлес қосып келесіз. Мен оны жоғары бағалаймын. Арадағы тұрақты келіссөздердің арқасында бүгінде көптеген келісімдеріміз табысты жүзеге асырылуда. Былтыр екіжақты тауар айналымы 54 пайызға өсіп, 6,3 миллиард доллар болды. Осы көрсеткішті 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Түркия – еліміздің негізгі төрт сауда серіктесінің бірі. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Елімізде түрік капиталының үлесі бар 4300-ден астам компания жұмыс істеп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және түрік халқын Түркияның 100 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бауырлас елдің мерейтойына орай Астанада Анадолы көшесін, Шымкентте Түркия даңғылы мен саябағын және Алматыда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішін ашу жоспарланып отырғанын айтты.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитін жоғары деңгейде өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін жеткізді.

"Саммитті табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Биыл 6 ақпанда жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясының Нурдагы ауданында мектеп салу туралы шешіміңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін. Бұл мектеп түрік-қазақ бауырластығының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын символдарының біріне айналады деп сенемін. Жаһандағы және аймақтағы оқиғалар Түркі әлемінің өзара тығыз қарым-қатынаста болуын талап етеді. 2021 жылы Ыстанбұлда өткен саммитте біз өзгеріс процесін бастадық әрі біздің ұйымға мықты институционалдық құрылым сипатын беру туралы шешім қабылдадық. Осы уақыт аралығында біз маңызды қадамдар жасадық. Ол әлі жалғасады. Атажұртта маған және менің делегацияма көрсеткен құрметіңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін", – деді Түркия Президенті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге баса мән берілді. Президенттер Қазақстан мен Түркияның жан-жақты ықпалдастығын жаңа деңгейге көтеруге байланысты барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

54-летняя невеста миллиардера Лорес Санчес отметила выпускной сына в латексном платье

В Павлово-Посадском работы по ремонту дошкольного отделения МОУ «Гимназия» завершены на 35%

Белоусов встретился с освещающими СВО военкорами

Почти 10 млрд рублей поступило в бюджет Подмосковья от распоряжения имуществом

Музыкальные новости

СОТРУДНИКИ СОБР «СТОЛИЦА» СТАЛИ ИНСТРУКТОРАМИ НА СБОРАХ ПО БЕСПАРАШЮТНОМУ ДЕСАНТИРОВАНИЮ СПЕЦНАЗОВЦЕВ РОСГВАРДИИ В ВОРОНЕЖСКОЙ ОБЛАСТИ

Парадоксы двойного стандарта

США и Европа "подготавливают" Россию и Ближний Восток для переселений?!

Нижегородская область подала 18 заявок на конкурс малых городов

Новости России

нету ни дома ни бабы

Гимназию на улице Фрунзе в Павловском Посаде отремонтируют к августу

Суд арестовал обвиняемого в нападении на директора «Цифровых платформ»

Чиновники обогрели базу за взятку

Экология в России и мире

«Школа вожатых» прошла в школе №7 в Реутове

LISA FM Александр Белоносов выпустил альбом «Родина Сердца: Дневник Психолога»

Адские цены на Сочи и Анапу заставили российских туристов найти новые пути экономии

Армянские ковры Арцаха (Карабаха) с уникальным орнаментом представлены как «генетический код» Азербайджана - сайт monumentwatch

Спорт в России и мире

Испанец Алькарас выиграл Открытый чемпионат Франции по теннису

Мирра Андреева может стать новой Марией Шараповой

Рейтинг ATP. Синнер стал №1, Алькарас – №2, Циципас выпал из топ-10, Хачанов – из топ-20, Котов обновил личный рекорд

Каспер Рууд: «Не буду выступать на турнирах перед «Уимблдоном», но на нем, конечно, сыграю»

Moscow.media

В продаже появился пикап, имя которого пришлось менять специально для России

Heroje H288BW- портативный сканер штрих-кодов с интерфейсом Bluetooth

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Родители 308,9 тысячи детей в Московской области получают единое пособие

Захарова: армянам - нота, апшеронцам – «да»







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *