Таразда студенттердің республикалық зияткерлік чемпионаты өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер арасында I республикалық зияткерлік ойындары өтті. Білімгерлердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, таным көкжиегін кеңейтуді көздеген интелектуалдық ойындар алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ТарМПИ баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.