«Құнанбай» фильмі неге прокатқа шықпай қалды? (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың әкесі, туралы «Құнанбай» кинокартинасы осы жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілген. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты қараша айына шегерілді. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді, деп хабарлады baistars.kz.