«Эссе жазудағы қиыншылықтарды жою»
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілі бойынша жазылым тапсырмаларын орындауға арналған.
1 БӨЛІМ. ЭССЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Шығармашылық дегеніміз — өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің болуы.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау – өте күрделі үрдіс.
Эссе – көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін, ой толғанысын, пікірін бейнелейді. «Әдебиеттің қысқаша энциклопедиясы».
Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма.
Білім алушы эссе жазған уақытта қандай да бір тақырып бойынша ойланады, толғанады. Білім алушы берілген тақырыпты...