Маңғыстауда құны 162 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге аспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізге шетелдік инвесторларды тартуда өңірлердің маңызы аса жоғары. Ол үшін Қазақстанда бизнес жүргізуге ынталы компанияларды іздестіруде белсенділік танытуымыз керек. Бейсінбіде Ақтауда Қазақстан саясаттанушылары конгресінің қолдауымен өткен жиында сарапшы Гүлмира Қорғанбаева Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Елбасы тапсырмасына орай өз пікірін білдірді, деп хабарлады 24.kz.