Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада еліміздің орталық, сонымен қатар жергілікті билік органдарында да бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Мәселен, Елбасы Өкімімен еліміздің Білім министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалса, Ұлттық экономика министрлігінің су жаңа вице-министрі өз қызметіне кірісті. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.