Шымкентте заңсыз құрылыс нысандарының иелеріне 12,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде жауапты сала басшылары баспасөз мәслихатын өткізді. Онда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбаев облыста заңсыз жүргізілген құрылыстар саны 345 болса, қызыл сызықтың үстінде немесе қызыл сызықтан асып кеткен 255 құрылыс нысаны анықталғанын айтты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.