Қазақстан мектептерінде электронды кітапхана жүйесі енгізіле бастады
Ел мектептерінде кітапхана қорын толық қамтамасыз ететін «Qazaq mura» бірегей жүйесі іске қосылды. Бұл — оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. Жүйе әсіресе әдебиетке қолы жете бермейтін аймақтардағы кітапхана жұмысын біршама оңтайландырмақ. Бұл туралы платформаны әзірлеушілер тобының жетекшісі Мұқатай Мәлік айтты, деп хабарлайды Kazinform.