Бельгия билігі: Іздеуде жүрген жиһадшылар саны өсіп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда екінші күн бойы лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Ішкі істер министрі Ян Жамбонның айтуынша, іздестіріліп жатқандар тізімінде жаңа шабуылдарды әзірлеуге күдіктілер бар деп санайды, бельгиялық арнайы қызметтер. Бұдан бұрын 13 қарашада француз астанасына шабуыл жасауға күдікті Салах Абдесламды іздестіру жүргізілуде. Бельгиялық биліктің айтуынша, іздеудегілердің барлығы да қаруланған және өте қауіпті.