Буын-буыным сырқыраса да қуыршақ тоқу ұнайды — тоқымашы
Ақтөбе облысы Ойыл ауданында тұратын Гүлсім Елекбаева — ерекше жан. Ол осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын арбаға таңылса да қолынан сым, ілмек пен жібін тастаған емес. Буын-буыны сырқыраса да қуыршақ, түрлі киім тоқып, кәсіп те ашты. Гүлсім Елекбаева Kazinform тілшісіне еңбек пен табандылықтың адамға қуаныш сыйлайтын сәттерін айтып берді.